










Республика күніне орай Жетісу университетінің құқықтық пәндер кафедрасы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілімен бірлесіп студенттер арасында «Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғау» тақырыбында эссе байқауын өткізді.
Эссе байқауына 30-дан астам эссе жұмысы ұсынылды. Байқаудың комиссия құрамына әділет органдарынан, сот әкімшілігінен, нотариус саласынның өкілдері енді.
Байқаудың мақсаты – құқықтық сананы дамыту, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелерінде белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру.
Байқау жеңімпаздарын марапаттауға Жетісу облысы прокуратурасының кадрлық жұмыс тобының басшысы М.Махметов, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі К.Карымсаков, университет ректоры Е. Бөрібаев қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Талдықорған заң колледжінің 1 курс студенті Е.Нұрмолда алды. 2 орынды Жансүгіров колледжінің 1 курс студенті Ә. Абдрахман және №30 орта мектептің 10 сынып оқушысы М. Иманалиқызы иеленді. 3 орынды №30 орта мектептің 10 сынып оқушысы А.Амирғали, Жансүгіров колледжінің 1 курс студенті Н.Қанапия, С. Ақберен өзара бөлісті.
#SDG #ЦУР #ТДМ

