23 қазан 2025 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультетінде «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл» атты тақырыпта ШТҚ 311 және ШТҚ 313 топтарымен тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның тарихи маңызын түсіндіру, тәуелсіздік идеясына құрмет пен ұлттық сана-сезімді қалыптастыру болды.
Сабақ барысында студенттер Декларацияның негізгі баптарымен, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихымен танысты. Тақырып бойынша бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап, пікірталас форматында талқылау өтті.
Студенттер егемендіктің ел дамуындағы рөлін атап өтіп, өз ой-пікірлерін еркін білдірді. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, патриоттық рухта түйін жасалды.
Тәрбие сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің азаматтық және ұлттық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

