«Қыран елім – Қазақстан» мерекелік шарасы

Бүгін Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстан» атты мерекелік шара өтті.

Шара барысында университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев құттықтау сөз сөйлеп, мереке қарсаңында оқу орнының дамуына үлес қосқан бірқатар оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттады.

«Тәуелсіздігіміздің асқақ символы, елдігіміздің бастауы саналатын Республика күнінің маңызы зор. Бұл мереке – Отанға деген сүйіспеншілікті және әділетті Қазақстанды құру жолындағы ынтымақтастыққа деген ұмтылысты білдіреді», – деді өз сөзінде Ермек Әбілтайұлы.

Мерекеде Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Н. Байгабатова – «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен, Педагогика және психология кафедрасының оқытушы-дәріскері А. Галиева – «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен,

Жаратылыстану пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Е. Тоқпанов – «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен, №1 оқу ғимаратының меңгерушісі Г. Жаманаева, Баспа бөлімінің аға шебері Г. Жепенова – «Ілияс Жансүгіров» төсбелгісімен, Жаратылыстану-техникалық факультетінің оқытушысы, М. Жетимов және гуманитарлық факультеттің қауымдастырылған профессоры С. Машанова – «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

«Ғылым үздігі» құрмет дипломы тарих ғылымдарының кандидаты Е. Булановқа және PhD докторы, физика және математика кафедрасының оқытушысы Е. Гавриловаға табыс етілді.

Сондай-ақ, бірқатар қызметкерлер Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Басқарма төрағасы – ректордың, Жетісу облысы әкімінің, Жетісу облысы мәслихатының және облыстық кәсіподақ ұйымдарының Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиын Республика күніне арналған мерекелік концертпен жалғасын тапты.

#SDG #ЦУР #ТДМ