Студенттер арасындағы Спартакиада

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге Студенттер арасында Спартакиада ұйымдастырылды.

Жарыстың негізгі мақсаты – Ұлттық Студенттік Лигаларға іріктеу жүргізу, студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жекелей спорттық шеберліктерін арттыру, факультеттер арасында спорттық-жолдастық қарым-қатынасты нығайту.

Жарыс жеңіл атлетика (4х100м эстафета жүгіру), тоғызқұмалақ, гір көтеру (18кг), жүзу (50м), волейбол, стол теннисі сияқты спорттың 6 түрі бойынша өтті. Жарысқа барлығы 190 студент қатысып, өз факультеттерінің намысын қорғады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері алдағы уақытта салтанатты түрде марапатталатын болады.

#SDG #ЦУР #ТДМ