«Таза Қазақстан» акциясы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараға университет ұжымы, Жансүгіров колледжінің қызметкерлері мен студенттері белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аймақты қоқыстардан тазартты.
Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың маңызды міндеті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мұндай шаралар жастарды тазалыққа, еңбексүйгіштікке және жауапкершілікке тәрбиелейді.

Жетісу университетінің ұжымы алдағы уақытта да осындай сенбіліктерді жиі ұйымдастырып, қаланың тазалығына өз үлесін қоса бермек.

#SDG #ЦУР #ТДМ