І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі және әлеуметтік жұмыс 2024 жылғы 14 қазандағы Басқарма төрағасы-Ректоры бекіткен екі мақсатты құжатпен реттеледі: жастар саясаты (ІНҚ-ZU-20-01) және әлеуметтік саясат (ІНҚ -ZU-13 – 01).
Әлеуметтік жұмыстың мақсаты университеттің жетекшілік ететін мәселелерін үйлестіру, тұлғаның азаматтық, патриоттық, ұлттық құндылықтарын дамыту арқылы мәдени, жоғары кәсіби, заманауи, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруға ықпал ету, мемлекеттік жастар саясатын насихаттау, студенттердің қоғамдық өмірге қатысуын жандандыру болып табылады.
2025 жылында университеттің 1 курс білімгерлерге Әлеуметтік жұмыстың жүзеге асыру аясында:
— 20 білім алушы университет асханасында тегін тамақтануға талон бөлінді;
— Әлеуметтік осал топтардың санатынан 20 білім алушы университет жатақханаларында тегін тұрады;
— ПОҚ мен қызметкерлерді әлеуметтік көтермелеуге шамамен 200 млн. теңге бөлінді;
— Білім алушыларды әлеуметтік қамтамасыз етуге 50 млн. теңгеге жуық бөлінді;
— Тәрбие жұмысын іске асыруға 5 000 000 теңгеден астам қаражат бөлінді;
— Инклюзивті оқытуды толық сүйемелдеу көрсетілді (бағыт бойынша 57 білім алушы);
— 2000-нан астам білім алушыны қамтитын 2 әлеуметтанулық сауалнама жүргізілді;
— 34 білім алушы оқу ақысы бойынша 15% жеңілдік алды;
— «Қазақстан халқына» гранттар саны – 8;
— Университеттің 6 гранты, оның ішінде: PhD грант-3, Қорғаныс министрлігінің гранты -5;
– Спорттық-сауықтыру пакетін (бассейн, тренажер залы, спортзал) толық сүйемелдеу көрсетілді. Жұмыс 10 спорт секциясы бойынша жүргізілуде.
2024-2025 оқу жылында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша:
— Студенттер мен ПОҚ-ның ЖОО қызметіне қанағаттану дәрежесі 92,3% құрады;
— Инклюзивті білім беру үшін жасалған жағдайлар деңгейі — 81,2%;
— Білім алушылардың, ПОҚ-тың білім беру қызметтерінің сапасына және экожүйеге қанағаттану дәрежесі — 86%;
— Қоғамдық жұмыстарға тартылған білімгерлердің үлесі — 57,7%;
— Жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі — 80,9%;
— Мемлекеттік тілде қорғалған диссертациялардың үлесі — 55%;
— Ұлттық құндылықтар тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында этно — ауыл құрылды;
— Әлеуметтік саясатты іске асыру шеңберінде студенттер үшін демалыс аймақтары құрылды.