

Гуманитарлық факультетінде Тарих апталығы өтті. Аталған апталық Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Тарих – өткенге сабақ, болашаққа өнеге» атты тақырыпта ұйымдастырылды.
Апталық ел тарихын кеңінен насихаттауға арналған шаралар кешенінен тұрды. Университеттің бас ғимараты дәлізінде оқытушылар мен білімгерлерге блиц сауалнамалар жүргізілді.
Апталықтың алғашқы шарасы ретінде – «Тарих» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері арасында пәндік олимпиада ұйымдастырылды.
Апталықтың екінші күнінде білімгерлер викториналық сұрақтарға жауап беріп, төл тарихты білу деңгейлерін жаңа технологиялар мен ЖИ негізінде көрсетті.
Үшінші, тарихи тұлғаларды кеңінен насихаттау мақсатында «Зиялылардың нақыл сөздерін сәйкестендіру» шарасы өтті. Әр қатысушы зиялы тұлғалардың озық ойларын авторларымен сәйкестендіріп, өз деңгейлерін анықтады.
Төртінші шарада кафедра оқытушылары мен білімгерлері TED TALK форматындағы шара ұйымдастырып, тарих саласындағы соңғы трендтер мен тенденцияларды талқылады. Апталықтың бесінші күнінде Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жылдығына орай тарих апталығының қорытынды кеші ұйымдастырылды. «Тарих» білім беру бағдарламасы студенттері М. Дулатовтың өмірінен үзінді ретінде сахналық көрініс көрсетті.
Сондай-ақ, апталықта өткізілген пәндік олимпиаданың қорытындысы жарияланып, жүлдегер командалар мен жекелеген үздік студенттер марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
#SDG #ЦУР #ТДМ









