«Өмір бар жерде, үміт бар!» тренинг

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде психолог маманы Жуматаева А.Б. 1-курс студенттеріне арнап «Өмір бар жерде, үміт бар!» тақырыбында тренинг өткізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, қиындықтарды жеңуге үйрету, өз-өзіне сенімділікті арттыру және үміт сезімін нығайту болды.

Тренинг барысында білімгерлер түрлі психологиялық ойындар мен жаттығулар орындап, өмір мен үміт жайында ой бөлісті, топтық тапсырмалар арқылы өз арман-мақсаттарын бейнеледі. Кездесу жылы әрі сенімге толы атмосферада өтті.

#SDG #ЦУР #ТДМ