




І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылым және коммерцияландыру департаментінің ұйымдастыруымен ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларға өтінім беру мәселесіне арналған ғылыми семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – университеттің жас ғалымдары мен ізденуші профессор-оқытушылар құрамына ғылыми сыйлықтар мен стипендиялар байқауына қатысу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ өтінім құжаттарын рәсімдеу талаптарымен таныстыру болды.
Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Лаззат Карашолакова қатысушыларға байқау құжаттарының құрылымы мен бағалау критерийлері, ғылыми жетістіктерді енгізу тәсілдері және өтінімдерді дұрыс рәсімдеу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, практикалық ұсыныстар талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Бұл семинар ізденуші ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға және мемлекеттік ғылыми қолдауға қатысу белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды шараның бірі.
#SDG #ЦУР #ТДМ

