








13–14 қарашада волейболдан І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері (ұлдар) арасындағы Басқарма Төрағасы – Ректор кубогы жарысы өтті.
Жарысқа Жаратылыстану-техникалық, Физика-математика, Педагогика және психология, Құқық және экономика, Гуманитарлық факультеттер және Жансүгіров колледжі бойынша алты команда қатысты. Номинациялар бойынша Маратұлы Тілеуқабыл – Үздік қорғаушы, Нүсіпбек Еркебұлан – Үздік үйлестіруші, Амантай Әрсен – Үздік шабуылшы, Дюсенов Мереке – Үздік ойыншы атанды.
Ойын қорытындысы бойынша 1-орынды Физика-математика факультеті, 2-орынды Жаратылыстану-техникалық факультеті, 3-орынды Педагогика және психология факультеті иеленді.
Жүлделі орын алған командалар мен жекелеген студенттер І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректордың кубогі, грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

