Тарих апталығы аясында тарих пәні бойынша олимпиада өтті

2025 жылғы 3 қараша күні Тарих апталығы аясында «Тарих» білім беру бағдарламасы студенттері арасында пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Білім сайысының мақсаты – студенттердің тарихи танымын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және әр курс студенттерінің өзара байланысын нығайту болды.
Олимпиадаға барлығы 8 команда қатысып, әрқайсысы 8 студенттен құралды. Командалардың құрамына 1–4 курс студенттері аралас түрде енгізіліп, бұл формат студенттердің бір-бірімен тәжірибе және пікір алмасуына мүмкіндік берді.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
I тур – жеке тест сұрақтарына жауап беру;
II тур – тарихи тақырыптар бойынша командалық презентацияларды қорғау;
III тур – «Брейн-ринг» форматындағы зияткерлік сайыс.
Барлық кезеңдер тартысты әрі қызықты өтті. Студенттер өз білімдерін, зерттеушілік қабілеттерін және топтық жұмыс дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Үш турдың қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен тест бөлімінде ең жоғары нәтиже көрсеткен студенттер Тарих апталығының ресми жабылу салтанатында марапатталатын болады.