2025 жылдың 7 қарашасында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультетінде өткен «Тарих – өткенге сабақ, болашаққа өнеге» атты Тарих апталығы өз мәресіне жетті. Апталықтың қорытынды кеші қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналды.
Кеш барысында «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығынан сахналық көрініс қойып, оның ұлт тағдыры жолындағы күресі мен ағартушылық қызметін шынайы түрде бейнеледі.
Сонымен қатар, Тарих апталығы аясында өткен пәндік олимпиаданың қорытындысы жарияланып, жеңімпаз командалар мен үздік студенттер салтанатты түрде марапатталды.
Мерекелік концерттік бағдарлама шараның рухын көтеріп, апталықтың салтанатты жабылуын ерекше әсермен түйіндеді. Бұл кеш тарих апталығының қорытынды нүктесі ғана емес, студенттерге ұлттық рух пен тарихи сананы дәріптеудің маңызын тағы бір еске салған маңызды оқиға болды.





