














І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арналған «#BizStudentter» атты мерекелік кеш өтті.
Жиында Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев студенттерді мерекемен құттықтап, оның маңыздылығын атап өтті.
«Студенттер күні – арманы асқақ, жүрегі отты талапты жастардың мерекесі. Студенттік кезең – білім мен ғылым айдынына құлаш ұрған қымбат уақыт. Осы уақыттарыңызды бағалай біліңіздер. Сіздерге зор жетістік пен жарқын болашақ тілеймін!», — деді проректор.
Салтанатты шара барысында университеттің қоғамдық және мәдени-әлеуметтік өміріне белсенді араласып, өнер көрсетіп жүрген бірқатар студенттер медальдармен, грамоталармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Университеттің шығармашылық топтары мен студенттік ұйымдарына 150 000 теңгелік сертификаттар ұсынылды, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейде жетістіктерге жеткен студенттерге 30 000 теңгелік жекелей марапаттар табысталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
#SDG #ЦУР #ТДМ















