




Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама аясында «Азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайту» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.
Шараға Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Меруерт Искакова, Жетісу облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Жомарт Ардақ қатысты.
Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев бұл кездесудің жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Кездесу барысында Меруерт Искакова қазіргі уақытта кең таралған телефон және интернет арқылы жасалатын алдау әрекеттері, жалған ұтыс ойындары, инвестициялық сипаттағы қаржы пирамидалары туралы айтып, олардың белгілерін түсіндірді.
Киберқылмыстың өзекті мәселелері жөнінде полиция аға лейтенанты Жомарт Ардақ баяндама жасап, онлайн-қауіпсіздік ережелерімен бөлісті.
Мамандар студенттерге сақтық шараларын сақтау және күмәнді жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну керектігін айтты.
#SDG #ЦУР #ТДМ

