Ғылыми семинар

Физика-математика факультетінің ұйымдастыруымен «Ғылыми зерттеулерде заманауи жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Іс-шара барысында спикерлер С. Сакибаев, А. Оразбаева және Р. Абдуалиева ғылыми зерттеулерде жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері, заманауи ЖИ әдістерінің артықшылықтары мен шектеулері, сондай-ақ деректерді талдау мен визуалды ұсынуда пайдаланылатын ЖИ құралдары туралы жан-жақты мәлімет ұсынды.

Семинарда қазіргі таңда оқу үдерісінде қолданылып жүрген Humbot, BypassAI, JenniAI, Quilbot, Elicit AI, Textovod секілді платформалардың функционалдық мүмкіндіктері таныстырылып, оларды практикалық міндеттерді шешу барысында тиімді қолдану жолдары түсіндірілді.

#SDG #ЦУР #ТДМ