

Жаратылыстану-техникалық факультетінің ұйымдастыруымен Марке политехникалық университеті (Италия) мен Чукуров университеті (Түркия) өкілдерінің қатысуымен ресми кездесу өтті.
Кездесуге Марке политехникалық университетінің философия докторы (PhD) Gianluca Brunetti және ауыл шаруышылығы, азық-түлік және қоршаған орта саласының докторы Simone Piancatelli, Чукуров университетінің философия докторы (PhD) Asime Filiz Caliskan Kece қатысты.
Жиын барысында тараптар бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту, халықаралық жобаларға қатысу, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, академиялық ұтқырлықты кеңейту, оқытушылар мен студенттерді алмасу бағыттарын нығайту туралы жан-жақты пікір алмасты.
#SDG #ЦУР #ТДМ

