Семинар «Жасанды интеллект – XXI ғасыр педагогының жаңа құралы»

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жасанды интеллект – XXI ғасыр педагогының жаңа құралы» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараны Гуманитарлық факультет №12 мектеп-гимназиясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – болашақ педагогтарға жасанды интеллектті оқу процесінде қолданудың жаңа мүмкіндіктерін көрсету, цифрлық құралдардың мұғалім жұмысын жеңілдетіп, оқытуды заманауи әрі тиімді ету жолдарын талқылау.

Спикер Елена Филимонова педагогтерге AI-технологияларды оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетті: оқу материалдарын дайындау, бағалау, жеке білім траекторияларын ұйымдастыру, сондай-ақ мектеп жобаларында практикалық қолдану мысалдарына тоқталды.

Қатысушылар жасанды интеллекттің оқушылардың зерттеу дағдыларын, сыни ойлауын және цифрлық сауаттылығын дамытуға қалай көмектесетінін көріп, өз тәжірибелерінде қолданудың нақты жолдарын алды.

Семинар білім беруді цифрландыру арқылы жаңа мүмкіндіктер мен жаңашыл тәсілдерді ашатынын көрсетті.

#SDG #ЦУР #ТДМ