










І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2025 жылғы 18-19 қараша күндері жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шара университеттің бас оқу ғимараты мен №2 оқу ғимаратында өтті. Шараға 350-ден аса оқушылар қатысты.
Кездесу талапкерлерге жоғары оқу орны жайлы толық мағлұмат беріп, мамандықты дұрыс таңдауға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылды. Ашық есік күндерінде қатысушылар университет жүйесімен кеңінен танысты. Оның ішінде құрылымдық бөлімдер жұмысын көріп, факультеттерді аралады. Ғылыми зертханалар, сот залы, криминалистика кабинеті, Huawei кабинеті, Enactus, кітапхана мен мұражай, жаттығу залы, бокс залы, әскери кафедра, университет бассейні, арнайы оқу залдары және жаңа оқу ғимараты мен Stem lab лабораториялары көрсетілді.
Іс-шараға қатысушылар университет оқытушылары және қызметкерлерімен кездесіп, білім алу және оқуға қабылдану бойынша өз сауалдарын қойды. Сондай-ақ белсенді студенттермен студенттік өмір туралы еркін әңгімелесті. Жалпы, ашық есік күніне қатысу арқылы оқушылар университетпен жақын танысып, жаңа көзқарас қалыптастырды. Бұл жастарға Жетісу университетінің студенті атанып, үздіктер қатарына қосылуға мүмкіндік береді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

