Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскері Н.Ермекова, 20-шы қараша 2025 жылы, 2 курс білімгерлері МИҚ211, ИҚ211(IP) топтарымен «Жастар арасындағы өткір әлеуметтік мәселелердің алдын алу(лудомания, нашақорлық, зорлық-зомбылық, буллинг, харассмент, қаржылық сауаттылықтың төмендігі, гендерлік теңсіздік, суицидке бейімділік, діни тәрбие, психологиялық тұрақсыздық және т.б.)» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында баяндама жүргізіліп, лудомания, нашақорлық, зорлық-зомбылық, буллинг, харассмент, қаржылық сауаттылықтың төмендігі, гендерлік теңсіздік, суицидке бейімділік, діни тәрбие, психологиялық тұрақсыздық және басқа да өзекті мәселелер қарастырылды. Студенттермен сұрақ-жауап тренингі ұйымдастырылып, тақырыпты тереңірек түсіндіру мақсатында топтарға бөлініп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттер арасында белсенді талқылау жүргізіліп, келесі сұрақтар ұсынылды:
- Жастар арасындағы лудомания, нашақорлық және басқа тәуелділіктердің алдын алу жолдары қандай?
- Қоғамда зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу мүмкін бе, жоқ
па?
- Адам құқықтық және моральдық нормаларды бұзбай-ақ өзіне зиян
келтіретін іс жасай ала ма?
- Ар-ождан мен әділдік сезімі жастардың мінез-құлқы мен шешім қабылдауына қалай әсер етеді?
- Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасында моральдық құндылықтар мен ұят сезімінің рөлі әлсіреп бара жатыр ма?
- Дәстүрлі және қазіргі құқықтық нормалар жастардың әлеуметтік мәселелерге қатысты әрекеттерінде қалай үйлеседі?
Студенттер өз ойларын ортаға салып, әлеуметтік мәселелердің алдын алу жолдары мен жеке жауапкершіліктің маңызын талқылады. Қорытындылай келе, студенттер жастар арасындағы қауіпті мінез-құлық түрлерінен сақтану, құқықтық және моральдық мәдениетті қалыптастыру қажеттілігін ұғынды.




