Бүгін Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті, Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «дәстүрлі пәндік» олимпиада өтті. Олимпиядаға «Журналистика» және «Қоғаммен байланыс» мамандығының 2-4 курс білімгерлері қатысты. Олимпиада 3 кезеңнен тұрады. Білімгерлер алғашқы кезең бойынша өздерін креативті түрде таныстырды. 2-ші бөлімде «Журналистика» мамандығының білім алушылары 1 сағат ішінде «Қоғамдағы өзекті мәселе» туралы шығарма жазса, «Қоғаммен байланыс» мамандығының білімгерлері әр түрлі компанияларды дағдарыстан сәтті шығару жолдарын жан-жақты жазып көрсетті. Соңғы кезең бойынша үй тапсырмасы негізінде 1-3 минут уақыт аралығында Журналистика мамандығы «Журналисттің бір күні» тақырыбына бейнесюжет түсіріп оны қорғауы тиіс. Қоғаммен байланыс мамандары «PR маманының бір күні» тақырыбына фотоэтюд көрсетіп, қорғауы керек. Ортасынан оза шапқан жас буын өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін белсенді түрде танытты. Байқау нәтижесі бойынша Журналистика мамандығы бойынша жүлделі І орын Шырын Асқатқызына, ІІ орын Азамат Дәулетбаевпен Айдана Ардақызына бұйырса, ІІІ орынды Оспанғали Аружан, Балааман Қадырсейіт және Ақбота Мұратқызы өзара бөлісті, Ал «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша І орын Томирис Айсаева, ІІ орын Дариға Мелискановамен Асылжан Тоқсанбаева алса, ІІІ орын Өмірбек Нұрай, Әшім Томирис және Нұрсылтан Тоқтасынға бұйырды.
Шара студенттердің кәсіби дамуына, шығармашылық ой-өрісін кеңейтуге және болашақ журналистердің өзіндік қолтаңбасын қалыптастыруға бағытталды. Дәстүрлі пәндік олимпиадаға қатысушыларға алғыс хатпен бағалы сыйлықтар табысталды. Айта кетерлігі, үздік деп танылған студенттер алдағы уақытта өтетін республикалық олимпиадаға қатысады.





