2025 жылғы 21 қарашада облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен пән мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейін анықтау, кәсіби шеберлігін шыңдау, күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындау және тәжірибелерді насихаттау мақсатында олимпиада өткізілді. Олимпиаданың сараптау комиссиясының құрамында физика және математика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы болды.
Олимпиада қорытындылары облыс мұғалімдерінің кәсіби деңгейінің өсіп келе жатқанын, педагогтердің жаңа әдістемелерді меңгеруге және өз білімін үздіксіз жетілдіруге деген жоғары қызығушылығын көрсетті.



