


І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Ақ жол» партиясының ұйымдастыруымен дәстүрлі «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі өтті. Оған бірінші айналымға қатысқан 420 үміткер арасынан іріктелген 42 адам қатысты. Байқаудың басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық ұстанымын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау.
Сайыс 4 бағыт бойынша: Алаштың әлеуметтік-саяси идеясы және оның қазіргі Қазақстандағы сабақтастығы; Алаштың рухани-ағартушылық қызметі және оның қазіргі Қазақстан қоғамына маңызы; Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарасы және кәсіпкерлікті дамыту; Алаш тарихының «ақтаңдақтары» өтті.
Байқауға Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің аға менеджері, қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламасының 2-курс докторанты А. Алтай «Алаш» саяси жүйесі және оның Қазақстан Республикасының Конституциясымен концептуалды байланысы» тақырыбындағы ғылыми баяндамасымен қатысты. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша әріптесіміз үздіктер қатарынан табылып, ақтық сынға жолдама алды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

