

Ілияс Жансүгіровтің 2019 жылы шыққан 20 томдық шығармалар жинағының ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымында (Түркия, Анкара қаласы) тұсаукесерінің өткізілуі түркі әлемімен рухани байланыстың жалғасын көрсетеді.
AP 19680053 «Гуманитарлық ғылымдар даму процесіндегі Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контексінде» жобасының жетекшісі, ф.ғ.к., профессор м.а. Шара Кыяхметова Стамбул қаласына іссапармен барды. Онда ол «Sevgi Soysal Kütüphane & Kültür Evinde», «Ahmet Hamdi Tanpınar Edebiyat Müze Kütüphanesinde», «Orhan Kemal İl Halk Kütüphanesinde» сынды жетекші кітапханаларда ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп қайтты.
Бұл зерттеу қазақ халқы мен туысқан елдер әдебиеті тарихымен байланысын, бір — біріне ықпалын, олардың тамырлас екендігін одан әрі негіздейді және олардың рухани байланыстарының өміршеңдігін көрсетеді. Ілияс мұрасы жаңа қырынан зерттеліп, географиясы кеңейтіледі, түркі дүниесіне танылады, отандық, түркілік деңгейде зерттейтін ғылыми әлеуетті орта құрылады, түркі мәдениеті үшін де құнды материалдар бере алады.
#SDG #ЦУР #ТДМ


