Бүгін, Талдықорғанда өткен «Жетісу облысының үздік студенті» байқауында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық факультетке қарасты «Журналистика» кафедраының 3 курс студенті Бейсембек Айбек «Үздік студент» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Бұл марапат — оның талмай ізденуі, қоғамдық белсенділігі, білім жолындағы жоғары жауапкершілігі және жастарға үлгі боларлық бастамаларының нәтижесі.
Аталған жетістік Айбектің алдағы жоспары мен бастамаларына жаңа серпін береді деп сенеміз. Жалынды жас журналист әр жетістігің жаңа мүмкіндіктеріңнің бастауы болсын!


