ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

         І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ішкі виртуалды академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында 2025 жылғы 04 қараша – 04 желтоқсан аралығында «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3-курс, АіҚ 311 топтарының білім алушыларына «Аннотация және рeфераттау» курсы өткізілуде. Курсты әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университетінің  қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сейдикенова Алмаш Смайылқызы жүргізуде.