«Қаржылық мониторинг агентігінің қызметі және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» кездесу

Жетісу университетінің студенттері ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп — тексеру департаменті қызметкерлерімен кездесті. Кездесу «Қаржылық мониторинг агентігінің қызметі және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында өтті. Білім алушыларға департамент басшысы Еркін Тюмелиев Қаржылық мониторингі агенттігінің, экономикалық тергеп — тексеру департаментінің негізгі қызметі, атқаратын міндеттері жайлы жан-жақты баяндады.

Ол елімізде заң мен тәртіп үстемдік құрып, әр қызметкер өз жұмысын адал әрі үлкен жауапкершілікпен атқарған кезде экономикалық қылмыстардың болмайтынын жеткізді. Кездесу барысында департамент қызметкерлері жастарға Қаржылық мониторинг академиясына оқуға түсу жолдары мен қызметке орналасу тәртібін түсіндірді.

Айта кетейік, аталмыш кездесу қоғамда«Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында ұйымдастырылды.

#SDG #ЦУР #ТДМ