AP26104341 « Жақсартылған тіс жанасуын талдау тәсілін қолдана отырып, жаңа композитті тік беріліс конструкциясын зерттеу» жобасын іске асыру аясында АҚШ-тың жетекші инженерлік орталықтарының бірі — Корнелл университетіне зерттеу сапары ұйымдастырылды. Сапар бағдарламасы Нью-Йорк қаласындағы Cornell Tech кампусында бірнеше күнге созылып, одан кейін университеттің негізгі ғылыми-зерттеу зертханалары орналасқан Итака қаласында жалғасты.
Сапар барысында жобаның жетекші орындаушысы Темірхан Мақсат Сергейұлы механикалық цехтарды, өндірістік алаңдарды және инженерлік зертханаларда болды. Негізгі назар жоғары дәлдікті өңдеудің заманауи технологияларына, композиттік материалдармен жұмыс істеу әдістеріне және прецизиондық тісті берілістерді дайындау үдерістеріне аударылды. Сонымен қатар механикалық сынақтардың өзекті тәжірибелері, цифрлық жобалау үрдістері және прототиптерді дайындау әдістері зерттелді.
Жүргізілген барлық іс-шаралар жаңа буынды композиттік тісті берілістерді әзірлеуге бағытталған зерттеу жұмысының маңызды бөлігі болды. Жобадағы басты басымдық — беріліс өнімділігі мен беріктігін оңтайландыру үшін тіс контактісін талдаудың жетілдірілген әдісін қолдана отырып, композиттік материалға негізделген тік беріліс конструкциясын әзірлеу.



