ҚР еңбек сіңірген қайраткері, журналист, медиа-менеджер Нұржан Жалауқызымен кездесу

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, журналист, медиа-менеджер Нұржан Жалауқызы Мұхамеджановамен кездесу өтті.

Кездесуге белгілі журналист, продюсер Нартай Өтеген, Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Айгерім Ағылтаева, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов, сондай-ақ БАҚ өкілдері мен студенттер қатысты.

Нұржан Жалауқызы өзінің көп жылдық еңбек жолында жинаған тәжірибесімен бөлісе отырып, студенттерге отандық БАҚ-тың даму бағыты, телеөндірістегі жұмыс үдерісі, журналистің кәсіби жауапкершілігі туралы айтты.

Кездесу барысында спикер цифрлық журналистиканың мүмкіндіктері мен медианың қоғамға әсеріне тоқталды.
Ол өз сөзінде: «Ұлттық идеологияны халық санасында қалыптастыратын бірден-бір негізгі құрал – баспасөз. Ақпараттар ағыны толастаған заманда шынайы ақпарат алу, ақпаратты електен өткізе білу аса маңызды», – деді.

Кездесуде Жетісу университетінде оқитын болашақ журналистер тәжірибелі практик маманнан кәсіби кеңес алып, масс-медиа саласының қыр-сырымен танысты.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

#SDG #ЦУР #ТДМ