








І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жас маман – 2026» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке жұмысына 50-ден аса мемлекеттік және жеке меншік мекеме, түрлі ұйымдардың өкілдері, кәсіпорындардың басшылары шақырылды.
Іс-шараның мақсаты: жас мамандарға жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. Университет қабырғасында жәрмеңке жылына екі рет өтеді. Жәрмеңке нәтижесінде түлектер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, болашақ жұмыс орындарымен келіседі.
Айта кетсек, биыл бакалавриатта 35 мамандық бойынша 949 студент Жетісу университетін бітіргелі отыр.
#SDG #ЦУР #ТДМ

