Хабарландыру

05.12.2025 жылы 6В01201 — «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»» және 6В01301 — Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламалары студенттеріне арналған пәндік олимпиада өтеді.

Шығармашыл дарынды студенттерді қолдау, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және зерттеушілік әлеуетін дамыту мақсатында Педагогика және психология факультетінде, Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі білім беру мен тәрбиелеудегі инновациялар» атты пәндік олимпиада өткізіледі.

Олимпиадаға «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының 2–3 курс студенттері шақырылады.

Олимпиада үш турдан тұрады:

  1. I тур – Теориялық-әдіснамалық
    Педагогика, жас ерекшелік психологиясы, оқыту және тәрбиелеу әдістемелері, заманауи білім беру технологиялары бойынша білімдерін тексеру («Білім дөңгелегі»).
  2. II тур – Практикалық-бағдарланған
    Қатысушыларға сабақтың немесе оқу іс-әрекетінің фрагментін әзірлеу, педагогикалық жағдайларды модельдеу, дидактикалық материалдар жасау тапсырмалары беріледі.
  3. III тур – Шығармашылық-зерттеушілік
    Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің өзекті мәселелері бойынша инновациялық әдістемелік әзірлемелерді таныстыру.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *