

Австралия мемлекетінің Голд-Кост қаласында Кекушинкай каратэден Әлем Кубогы өтті.
Онда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Нұреке Ұлжан әйелдер арасында Ката бағыты бойынша жеңімпаз атанды!
Бұл — табандылық пен үздіксіз жаттығудың жемісі. Ұлжанға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
#SDG #ЦУР #ТДМ

