«Jas ǵalym-2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2025 жылғы 3 желтоқсанда «Jas ǵalym-2026» ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарының марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздарын І. Жансүгіров атындағы  Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы құттықтап, сертификаттарды табыстады. Ректор өз сөзінде университеттің ғылыми бастамаларды жүзеге асыруда толық қолдау білдіретінін айтты. Ағымдағы жылы конкурсқа 27 өтінім беріліп, 15 жоба жеңімпаз деп танылды. Қаржыландыру сомасы – 19 миллион теңгені құрап отыр. Бұл ретте жасанды интеллект пен цифрлы технологиялар саласындағы ғылыми ізденістерге басымдық берілді. Оның ішінде 2026 жылғы 1 қаңтар — 2026 жылғы 31 желтоқсан аралығында келесідей жобалар іске асырылады:

            1. «LisayKZ: «Echo Immersion» әдісіне негізделген жасанды интеллект арқылы қытай тілін үйретудің инновациялық платформасы» жобаның жетекшісі Дюсебаева С.Б., жобаның орындаушылары Оразхан А.Э.,  Тлеулес А.Д., қаржыландыру сомасы 1 000 000 теңге;

            2. «Иммерсивті сөздік: қазақ тілін меңгерудегі жаңа парадигма» жобаның жетекшісі Есимбекова Д.Б., жобаның орындаушылары Қайыржанов Н., Разбекова М.Т., қаржыландыру сомасы 1 000 000 теңге;

            3. «Nauryz AI: интеллектуальный ассистент для устойчивого производства в сельском хозяйстве» жобаның жетекшісі Рахым А.А., жобаның орындаушылары Мұратова А.С., Касенова А.Б., қаржыландыру сомасы 1 500 000 теңге;

            4. «Виртуальный помощник с интеграцией ИИ по практическим и лабораторным занятием» жобаның жетекшісі Альджұманова А.А., жобаның орындаушылары Сексенбай Б., Турғанбай А., қаржыландыру сомасы 1 500 000 теңге;

            5. «Eco Tour-ZHU» жобаның жетекшісі Токанбаев А.Е., жобаның орындаушылары Нұртаев Б.С., Қарға Т.Д., қаржыландыру сомасы 1 500 000 теңге;

            6. «Академия цифрового будущего и киберспорта при университете» жобаның жетекшісі Оралова С.Ш., жобаның орындаушылары Раисова М., Молдағали Е., Шаяхмет Т.М., қаржыландыру сомасы 1 000 000 теңге;

            7. «Жасанды интеллект көмегімен шығармашылық мотивацияны арттырудың психологиялық әдістері» жобаның жетекшісі Ахметсапа А.Е., жобаның орындаушылары Абай А., Жанатқызы Е., қаржыландыру сомасы 1 000 000 теңге;

            8. «QazaqSTEM Junior. Ұлттық құндылықтарға негізделген бастауыш сыныпқа арналған STEM-білім беру саиты» жобаның жетекшісі Чункенова С.С., жобаның орындаушылары Базарбай Б.Х., Майденова Н.И., қаржыландыру сомасы 1 500 000 теңге;

            9. «Разработка платформы для полного погружения в виртуальную реальность» жобаның жетекшісі Ахмет Қ.Қ., жобаның орындаушылары Ескендиров Н.Б., Ибраимов А.С., Ежелев М.В., қаржыландыру сомасы 1 000 000 теңге;

            10. «KazИИтюб» жобаның жетекшісі Гаврилова Е.Н., жобаның орындаушылары Шендель Ю.Ю., Халық Д.Д., Жарқын Ә.А., Сүлейменов Ә.Б., қаржыландыру сомасы 1 000 000 теңге;

            11. «Мобильный мини планетарий» жобаның жетекшісі Жақпаев Қ.Р., жобаның орындаушылары Серікболқызы Д., Дидичина З.Ю., қаржыландыру сомасы 1 500 000 теңге;

            12. «Жасанды интеллектімен ұлы дала ертегілерін тірілту» жобаның жетекшісі Әсетхан Н.Ә., жобаның орындаушылары Денгелбаев С.Т., Хый А.А., қаржыландыру сомасы 1 500 000 теңге;

            13. «Жасанды интеллект құралдары арқылы ұлттық нақыштағы комикстер жасау» жобаның жетекшісі Оразбаев А.А., жобаның орындаушылары Мизамов Б.С., Серікмұрат А.А., қаржыландыру сомасы 1 500 000 теңге;

            14. «RoboCopy интеллектуалды құрылғысын жасау» жобаның жетекшісі Мейрамбек Ә.М., жобаның орындаушылары Абылқасымұлы А., Қайрылқан А.Қ., қаржыландыру сомасы 1 500 000 теңге;

            15. «QuickAssist» жобаның жетекшісі Шалқарқызы Д., жобаның орындаушылары Токанов М.М., Оразмұхамет Ә. Е., Жайлау Е.Ж., қаржыландыру сомасы 1 000 000 теңге.

Байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып, ғылым жолында табыс пен жетістік тілейміз!

#SDG #ЦУР #ТДМ