Педагогика және психология факультетінің постдокторанты М. Мухашева, 2025 жылғы 3–4 желтоқсанда Түркияның Стамбул қаласында өткен 9th INTERNATIONAL HALICH CONGRESS ON MULTIDISCIPLINARY SCIENTIFIC RESEARCH атты 9-шы халықаралық көпсалалы ғылыми зерттеулер конгресіне қатысты.
Іссапар AP25795177 «Инклюзивті білім беру жағдайында робототехниканы оқыту технологиясы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында, зерттеу нәтижелерін ұсыну және халықаралық ғылыми тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.





