Құттықтаймыз!

Қазақстан банктер Ассоциациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласында студенттердің жобалары мен зерттеулерінің (жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, онлайн-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, қаржы саласындағы финтех-әзірлемелер және цифрлық шешімдер) республикалық конкурсы өтті.

Байқауға Құқық және экономика факультетінің 4 курс студенті Кендебаева Алуа «QorFin» — қаржылық алаяқтықтың алдын-алу жүйесі» (сайт) жобасын ұсынды. Ол қаржылық алаяқтық пен оның алдын-алу жүйелеріне зерттеу жүргізіп, әдістемесін ұсынды. Физика-математика факультеттің 3 курс студенті Шайзат Ермек «QorFin» сайтын әзірледі. Отандық және шетелдік банктердің қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы «QorFin» — қаржылық алаяқтықтың алдын-алу жүйесі сайтының өзектілігін жоғары бағалады. Теория мен практика ұштасқан конкурсқа әр аймақтан келген 23 команда қатысты. Студенттер өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіріп қайтты. Үздік жоба авторларына сертификат, банктерден тағылымдамадан өту жолдамасы берілді. Студенттердің ғылыми жетекшісі Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының оқытушысы, PhD Ж.Тұрғамбекова.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant