«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің аға менеджері, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Алтай Айдын Алтайұлы 2025 жылғы 13 желтоқсанда Астана қаласында өткен «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауында бас жүлде иеленіп, лауреат атанды. Жеңімпазға 700 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.

Байқау үш кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде ұсынылған ғылыми жұмыстар онлайн іріктелді. Оған 430-дан астам өтінім келіп түскен. Екінші кезең 2025 жылғы 22 қарашада Жетісу университетінде өтіп, ақтық сайысқа 42 қатысушы жолдама алған.

Байқаудың үшінші кезеңі Астана қаласындағы «Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде өтті. Сайысқа 18-35 жас аралығындағы жас ғалымдар, оқытушылар және білімгерлер қатысты. Байқауға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, алаштанушы ғалымдар Дихан Қамзабекұлы, Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп, Қайырбек Ризабекұлы Кемеңгер, Сағымбай Жұмағұл төрелік етті.

Айдын Алтайұлының «Алаш» саяси жүйесі және оның Қазақстан Республикасының Конституциясымен концептуалды байланысы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы ақтық кезеңде «Алаштың әлеуметтік-саяси идеясы және оның қазіргі сабақтастығы» номинациясы бойынша ең үздік деп танылды. Аталған бағыт бойынша 2-орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 3-орынды Қазақ-Британ техникалық университеті иеленді. Ғылыми жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) м.а, Философия докторы (PhD) Абызова Айна Маратовна.

Құттықтаймыз!

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant