Жетісу университеті ғалымдарының Стокгольм қаласына іссапары

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жүзеге асырылып жатқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ЖТН «BR24993150 Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бейін алды даярлауға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында  2025 ж. 06 – 12 қаңтар аралығында Стокгольм қаласында (Швеция Патшалығы) бағдарлама орындаушылары іссапарда болды. Мақсаты — «Инклюзивті білім беру және әлеуметтік интеграция: Швеция тәжірибесі»  біліктілікті арттыру курсына қатысу. Бағдарлама жетекшісі — педагогика ғылымдарының докторы, профессор-зерттеуші З.А. Мовкебаева. 

Іссапар бағдарламасына сәйкес Скандинавиядағы ең ірі университеттердің бірі — Стокгольм университетіне сапар ұйымдастырылды. Университет қабырғасында ерекше қажеттіліктері бар студенттерді қолдау бөлімінің өкілдері Mia Karlsson және Guri Blomqvist (мақсатты педагогикалық қолдаудың басшылары мен үйлестірушілері), арнайы педагогика профессоры Rano Zakirova-Engstrandпен кездесулер өтті. Онда университеттің осы саладағы қолдау және бейімдеу түрлері және қызмет тәжірибесі туралы ақпарат ұсынылды; арнайы педагогика және ерте жастағы балалардағы аутизм саласындағы зерттеулерді талқыланды. Топ сонымен қатар университеттің кампустарына, соның ішінде Citylab тұрақты экологиялық даму стандартымен сертификатталған Albano campus-ына барды.

Бағдарлама орындаушылары түрлі Швед ұйымдарының инклюзия бойынша қызметін ұйымдастыру тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды. Kulturskolans Resurscenter басшысының м.а. және үйлестірушісі Maliha Ezdani Khan, қосымша қолдауды қажет ететін 7-9 сынып оқушыларына арналған Стокгольм Vintertullsskolan ресурстық мектебінің директоры Анника Сеттерквистпен кездесу өтті. Мектеп шағын топтармен жұмыс істейді және оқуды жеке қажеттіліктерге бейімдейді. Стокгольмдағы Манилла мектебінің (Manillaskolan) аға оқытушысы Åsa Helmersson-мен кездесу де мазмұнды және қызықты болды. Швецияның арнайы білім беру және арнайы мектептер жөніндегі ұлттық бөліміне Specialpedagogiska skolmyndigheten (SPSM) барды. SPSM мектептерге, педагогтарға және отбасыларға қолдау көрсетеді, кеңестер, оқу материалдары мен курстар ұсынады, мемлекет бойынша арнайы мектептерді басқарады, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін тең оқу жағдайларын жасауға ықпал етеді.

Іссапарға қатысушылар үшін сөйлеу бұзылысы бар оқушыларға арналған Hällsboskolan Kungsholmen мемлекеттік арнайы мектепке бару ұйымдастырылды. SPSM мектептерге, педагогтарға және отбасыларға қолдау көрсетеді, кеңестер, оқу материалдары мен курстар ұсынады, мемлекет бойынша арнайы мектептерді басқарады, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін тең оқу жағдайларын жасауға ықпал етеді. Кездесу барысында қатысушылар логопед және оқушылардың әл-ауқаты мәселелері жөніндегі топ жетекшісі Zhiwar Eskandari, топ жетекшісі және бастауыш сынып мұғалімі Channette Håkansdotter, арнайы педагог Tove Risberg және психолог Mattias Eriksson қызметімен танысуға мүмкіндік болды; топ сонымен қатар халықаралық конференцияға және DIGARV зерттеу бағдарламасының қорытынды іс-шарасына қатысты. Kristoffer Nielbo (Орхус университеті), Brita Brenna (Осло университеті) және Hannu Salmi (Турку университеті) баяндамаларын тыңдады.

Бағдарлама орындаушылары Швед гранттық қорларының мәдениет және инклюзивті тәсіл саласындағы қызметі туралы ақпарат алды.

Миссиясы мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын құру және олардың жалпы еңбек нарығына интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылатын Samhall мемлекеттік ұйымына бару топ мүшелерінің ерекше қызығушылын тудырды. Компания жыл сайын шамамен 1500 қызметкердің басқа жұмыс берушілерге өтуіне ықпал етеді, оларға тазалық, күтім, логистика, өндіріс және басқа салаларда сұранысқа ие жұмыс орындарын ұсынады.

07-12 желтоқсан аралығында Стокгольмде Нобель сыйлығының апталығы өтеді, сондықтан осы аптадағы іс-шаралар аясында Нобель сыйлығының құрылу тарихымен, Альфред Нобельдің қызметімен және лауреаттардың ғылым мен мәдениеттің әртүрлі салаларындағы жетістіктерімен танысу мақсатында «Нобель сыйлығының шамдары» ашық көрмесі мен Нобель сыйлығының мұражайына бару ұйымдастырылды; топ Корольдік ғылыми академияда (Aula Magna) 2025 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттарының дәрістерін тыңдады:

1) «Инновацияның өткені мен болашағы: прогресс тұрақты бола ала ма?» — спикер Joel Mokyr, 2025 жылғы экономика саласындағы Нобель лауреаты.

2) «Шығармашылық бұзу экономикасы» — Philippe Aghion, 2025 жылғы экономика саласындағы Нобель лауреаты.

3) «Шығармашылық бұзу және экономикалық өсім» — Peter Howitt, 2025 жылғы экономика саласындағы Нобель лауреаты.

Әрі қарай, «Нобель сыйлығының шамдары» фестиваль бағдарламасын іске асыру аясында Gustav Adolfstorg алаңында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жастардан тұратын Kulturskolan Resurscenter оқушыларының өнерімен таныстыру ұйымдастырылды.

Іссапар барысында топ инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік интеграциялау және жалпы арнайы педагогика саласы бойынша швед тәжірибесімен танысты. Алынған тәжірибе университеттің психолого-педагогикалық қолдау жүйесін дамытуға, мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған қызметтерді жетілдіруге бағытталады.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant