




І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Даурен Бекежанов «Тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу» атты зерттеу жобасы аясында Ташкент мемлекеттік заң университетіне іссапармен барды.
Іссапар барысында профессор университеттің кітапхана қорымен танысып, Экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамымен кездесіп жоба нәтижелерін талқылады, ғылыми зерттеулерді дамыту және шетелдік заңнамаларды салыстырмалы талдау тәжірибесін алмастырды. Сонымен қатар Қазақстандағы су ресурстарын құқықтық реттеу мәселелері бойынша дәріс өткізді.
Экологиялық құқық кафедрасының профессорлары Г.Ш. Узакова, Р.Х. Кенжаев және Ж.Т. Холмуминов сабақтарға қатысып, экологиялық қауіпсіздік, су ресурстары және энергия қауіпсіздігі саласындағы заңнамаларға ұсыныстар мен тәжірибе бөлісті.
Кездесу барысында екі елдің ғалымдары бірлескен ғылыми жобалар әзірлеу және жобадағы алдағы жұмыстарға ғалымдарды тарту мүмкіндіктерін талқылады. Іссапар Қазақстанда білікті мамандарды даярлауға және сапалы ғылыми әлеумет қалыптастыруға үлес қосты.
#SDG #ЦУР #ТДМ





