ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТТЕ 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ  I ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

2025-2026 оқу жылының 1-жартыжылдығында гуманитарлық факультет бойынша барлығы 17 студент сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шет елдерде білім алуда. Бағдарламаның географиялық ауқымы 4 мемлекетті – Түркия, Польша, Малайзия, Оңтүстік Корея және 5 жетекші шетелдік университетті қамтыды. Жалпы кафедралар бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

  1. 25.09.2025-27.02.2026 аралығында 3- курс, ҚТӘ 311 тобының білім алушысы Сасан Диана Лодзь университетінде білім алуда (Польша, Лодзь қ.);
  2. 24.09.2025-16.01.2026 аралығында 3- курс, ҚТӘ 311 тобының білім алушылары Жандар Жансая Нышанбайқызы, Күрішбек Ляззат Бақытжанқызы Нийде Омер Халисдемир университетінде білім алуда (Түркия, Нийде қ.);

Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

  1. 24.09.2025-16.01.2026 аралығында 3- курс, ТҚ 311 тобының білім алушылары Алибекова Сымбат Нуралимовна, Айтбек Асем Асетқызы, Қыдыр Жансая Шеризатқызы, Мурзакенова Акбаян Багдатовна, Нийде Омер Халисдемир университетінде білім алуда (Түркия,Нийде,қ.);

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы

  1. 08.09.2025-10.02.2026 аралығында 3- курс, ШТҚ 311 тобының білім алушысы Нурсейтова Назым Қуандыққызы Менеджмент және ғылым университетінде білім алуда (Малайзия, Шах-Алам қ.);
  2. 10.09.2025-06.02.2026 аралығында 3- курс, ШТҚ 311 тобының білім алушылары Мырзакулова Гульназ Асхатовна, Байгутова Айкун Баглановна, Ниятулла Айгерім Маратқызы Хаджеттепе университетінде білім алуда (Түркия, Анкара қ.);
  3. 29.08.2025-20.12.2025 аралығында 3- курс, ШТҚ 311 тобының білім алушысы Қуанышқали Зарина Жандосқызы Конджу ұлттық университетінде білім алуда (Оңтүстік Корея, Конджу қ.);
  4. 25.09.2025-27.02.2026 аралығында 3- курс, ШТҚ 311 тобының білім алушылары Хасенғазиева Әсел Қуанышқызы, Русланқызы Нафиса, АіҚ 311 тобының білім алушысы Тойлыбаева Еркежан Шыңғысқызы Лодзь университетінде білім алуда (Польша, Лодзь қ.);
  5. 24.09.2025-16.01.2026 аралығында 3- курс, ШТҚ 311 тобының білім алушылары Болатқызы Аяулым, Жумагелдинова Жадыра Нурлыбековна, Нийде Омер Халисдемир университетінде білім алуда (Түркия, Нийде қ.);

Жоғарыда көрсетілген білім алушылар факультеттің тұрақты бақылауында. Студенттермен өткізілген кезекті онлайн жиналыс барысында оқу үдерісі мен алдағы емтихан сессиясына дайындық мәселелері талқыланды. Гуманитарлық факультет бойынша сыртқы академиялық ұтқырлық жоспары сәтті орындалып, студенттердің халықаралық деңгейде білім алуына толық жағдай жасалған.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

AI Assistant