Өндірістік-педагогикалық тәжірибеге бағыттау конференциясы

Ағымдағы 2025-2026  оқу жылында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 6В01601  – «Тарих» білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс білімгерлері сәйкесінше оқу жоспарына сәйкес 12.01.2025-22.02.2025 жж. және 12.01.2025-25.04.2025 жж. аралығында облыс, қала және аудан мектептерінде практикадан өтуі жоспарланып отыр. Осыған орай студенттерге арналған өндірістік-педагогикалық тәжірибенің бағыттау конференциясы өткізіліп, онда студенттер өздеріне жүктелген міндеттермен танысып, ұйымдастыру жұмыстары туралы мағлұматтар алды. Білім беру бағдарламасының оқытушылары білімгерлерге күнделікті кәсіби қызметіне қажетті білім, білік, дағдыларды кеңейтіп, жауапкершілікпен атқаруды кеңес берді және тыңғылықты орындауды тапсырылды.

AI Assistant