Командалық тренинг

Университеттің Психологиялық қолдау қызметінің жұмыс жоспарына сәйкес Гуманитарлық факультеттің ШТҚ-213 тобының студенттерімен командалық тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты – студенттердің топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту, тиімді қарым-қатынас орнату және бірлескен шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіру.

Тренинг барысында студенттер белсенділік танытып, өз ойларын еркін білдірді, бір-бірін қолдап, тапсырмаларға қызығушылықпен жауап берді.

Іс-шара ашық әрі серпінді атмосферада өтті.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant