




2026 жылғы 19 қаңтарда жас ғалымдарға арналған «Ынталы ғылыми жобаларды Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының (ҰМҒТСО) жүйесінде тіркеу» тақырыбында университетішілік семинар өтті. Семинарға «Jas galym» ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы аясындағы жоба жетекшілері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – ынталы ғылыми жобаларды ҰМҒТСО жүйесінде тіркеу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған жобаларын әдістемелік қолдау көрсету.
Семинар барысында Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің менеджері Талшын Жаирбекова ҰМҒТСО жүйесінде ынталы жобаларды тіркеудің негізгі кезеңдеріне тоқталды. Атап айтқанда, жүйеде тіркелу тәртібі, жоба деректерін енгізуге қойылатын талаптар, қажетті құжаттарды жүктеу ережелері, сондай-ақ жобаларды тіркеу кезінде жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары кеңінен түсіндірілді. Семинарға Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Лаззат Карашолакова қатысып, рәсімделу кезеңдері, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың өзекті мәселелері бойынша өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар жобаларды тіркеу барысында технологиялардың дайындық деңгейін айқындау мәселелері бойынша Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің басшысы Айнур Кайкибаева түсіндірме берді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ҰМҒТСО жүйесінде ынталы ғылыми жобаларды тіркеу жөнінде қажетті ақпарат алды. Өткізілген іс-шара жас ғалымдардың коммерцияландыруға бағытталған жобаларын сапалы дайындауына және уақтылы ұсынуына мүмкіндік берді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

