Жоба консультантымен жұмыс кездесуі

2025 жылғы 21 қазанда 2025–2027 жылдарға арналған ЖТН AP26197965 «Посткеңестік Қазақстандағы этникалық репатрианттардың күнделікті өмірі: бейімделу стратегиялары мен интеграциялық тәжірибелері (Жетісу облысының мысалында)» ғылыми жобасының қатысушылары жоба консультанты — Швейцарияның Цюрих университетінің профессоры Петер Финкемен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында зерттеудің мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері жан-жақты талқыланып, жобаны іске асырудың әдіснамалық тәсілдері мен кезеңдері нақтыланды. Далалық зерттеулерді ұйымдастыру, жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау және эмпирикалық деректер жинау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Консультант зерттеу жұмысының тиімділігін арттыруға және алынатын нәтижелердің жоғары ғылыми сапасын қамтамасыз етуге бағытталған құнды ұсынымдар берді.                                                                                                                                 

                                                                                     

AI Assistant