Ғ.Орманов атындағы кітапхана профессор-оқытушыларлардың шығарған ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттеріне арналған виртуалды көрме ұсынады.
Виртуалды көрме университет ғалымдарының көпжылдық ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметінің нәтижесінде жарық көрген авторлық еңбектерін кеңінен насихаттауға бағытталған. Көрмеде оқу құралдары, монографиялар ұсынылған.
Виртуалды көрменің негізгі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамының зияткерлік әлеуетін таныстыру, ғылыми еңбектерді білім алушыларға, жас зерттеушілерге және ғылыми қауымдастыққа қолжетімді ету, сондай-ақ оқу үдерісінде заманауи ғылыми әдебиеттерді тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау.
Сонымен қатар көрме:
- университет ғалымдарының ғылым мен білім саласына қосқан үлесін көрсетуге;
- студенттердің ғылыми ізденіске деген қызығушылығын арттыруға;
- ғылыми ақпаратты цифрлық форматта ұсыну арқылы пайдаланушыларға қолайлы орта қалыптастыруға;
- университеттің ғылыми беделін нығайтуға бағытталған.
#SDG #ЦУР #ТДМ

