2026 жылы 22 қаңтарда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Академиялық комитетінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект» атты тақырыпта университет көлемінде шебер сынып жүргізілді. Қазіргі заманда жасанды интеллект (ЖИ)арқылы оқу үдерісін модельдеу білім беру саласында қарқынды дамып, оқыту процесін тиімді етуге көмектесуде. ЖИ университет оқытушыларына және білімгерлерге көптеген артықшылықтар ұсынды. Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, философия докторы (PhD) Б.Т. Калиева «Ғылыми қызметтегі жасанды интеллект: академиялық еңбектер жазу тәсілдерінің трансформациясы» және «Жетісу» газетінің тілшісі, Әділхан Мақпал «Журналистикада жасанды интеллектіні қолдану тәсілдері» атты тақырыпта ЖИ технологиясы арқылы оқу үрдісін модельдеу негізінде семинар өткізілді. Семинар барысында пікір алмасып, ұсыныстар жасалды.





