2026 жылдың 23 қаңтарында білім ордамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексінің рөлі мен маңыздылығына арналған жиналыс өтті.
Университеттің комплаенс-офицері Қабыкенов Болат Жақсылықұлы Гуманитарлық факультеттің профессор-оқытушылық құрамымен білім беру үдерісінде академиялық адалдықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері және Әдеп кодексінің негізгі қағидаттары жан-жақты талқылады.
Комплаенс-офицер өз баяндамасында университет ұжымының әрбір мүшесі заң талаптары мен ішкі нормативтік құжаттарды сақтауда жеке жауапкершілікке ие екенін атап өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жолдары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ашықтық пен әділдік қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиналыс соңында Болат Жақсылықұлы әдеп және мінез-құлық кодексінің әзірленуіне ұжым болып ат салысуға шақыра келе, әр қызметкердің ұсынысы ескерілетінін мәлімдеді, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.

