Ғылыми тағылымдама

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Педагогика және психология факультеті, Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасы  8D01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»  білім беру бағдарламасының докторанты Таурбекова Айнур Сапашовна Болгария елі, «Әулие Климент  Охридский» атындағы София университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағлымдама шетелдік кеңесші София университеті, Педагогика факультеті, «Педагогика және білім беруді басқару тарихы» кафедрасының доценті PhD Божидара Кривирадеваның жетекшілігімен, Педагогика факультетінің деканы  доцент, PhD Ваня Божилова,  «Педагогика және білім беруді басқару тарихы» кафедарасының жектешісі Пьрванов Йонка Петрова басқаруымен өтті.

Ғылыми тағылымдаманың негізгі мақсаты – зерттеу дағдыларды тереңдету, ғылыми байланыстарды кеңейту, заманауи әдіснамалық тәсілдерді меңгеру және халықаралық академиялық ортада диссертациялық жұмысты жүргізуге қажетті практикалық тәжірибе жинақтау болып табылды.

Диссертациялық зерттеу жұмысымның теориялық және әдіснамалық негізін толықтыру мен жетілдіру мақсатында шетелдік зерттеулер талданып,  библиографиямен жұмыс жасалады. София қаласының Кирил және Методи атындағы ұлттық кітапханасы мен София университеті кітапханасы және педагогикалық ғылыми техникалық  библиотекаларда жұмыс жасалып, шетелдік ғалымдар диссертациялары мен ғылыми еңбектері талданды.

Тағылымдама барысында халықаралық академиялық жұмыстар бойынша шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу  ғылыми пікір алмасу мақсатында  «Педагогика және білім беруді басқару тарихы» және «Дидактика» кафедраларының оқытушысыларының сабақтары мен сеинарларына, факультет жоспарына сәйкес іс- шараларға қатысты.

AI Assistant