
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Г.Омарбекова мен Л. Мырзахметтің ұйымдастыруымен «Artificial Intelligence in Language Education and Translation: New Horizons» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында тілдерді оқыту мен аударма саласында жасанды интеллект технологияларын қолданудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары талқыланды. Атап айтқанда, Canva, Vrew, Heygen, Gemini, Grok платформаларының білім беру үдерісіндегі тиімділігі көрсетіліп, қатысушылар практикалық тапсырмалар орындады.
Іс-шараға Гуманитарлық факультеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, семинардың мазмұндылығы мен өзектілігін атап өтті.
#SDG #ЦУР #ТДМ

