SanaLab психологиялық клубы ашылды

2026 жылғы 28 қаңтарда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттердің психологиялық әл-ауқатын қолдау және тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған SanaLab психологиялық клубының салтанатты ашылуы өтті.

Клубтың құрылуы мен ашылуын ұйымдастыруға Жетісу университетінің психологы Исламжанова Гүлнара Балабековна және студент Мұхаметқан Айым Қайратқызы ПҚ(IP) 211 бастамашы болды.

Аталған іс-шараға облыстық мәслихат депутаты, университеттің құрылымдық бөлім басшылары, декандар және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Ашылу рәсімі барысында қатысушылар клубтың мақсаты мен қызмет бағыттарын танысып, студенттердің психологиялық дамуына бағытталған жаңа бастамаларды қолдады.

SanaLab психологиялық клубының мақсаты – студенттердің психологиялық сауаттылығын арттыру, тұлғалық өсуін қамтамасыз ету, өзін-өзі реттеу, коммуникация және стресске төзімділік дағдыларын дамыту, эмоционалдық күйіп-жанудың және тәуелділіктердің алдын алу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ қауіпсіз және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру.

Клуб қызметі аясында студенттерге:

тренингтер, семинарлар және шеберлік сыныптарына қатысу;

психологиялық ойындар мен арт-терапиялық әдістерге қатысу;

тәжірибелі мамандармен кездесулер;

жобалық, шығармашылық және әлеуметтік іс-шараларға қатысу мүмкіндігі ұсынылады.

Сонымен қатар, SanaLab ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге психологиялық қолдауды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Клуб жұмысы студенттердің жеке мүмкіндіктеріне бейімделген, қауіпсіз әрі қолдаушы атмосферада өтеді, жеке және топтық консультациялар ұйымдастырылады, сондай-ақ студенттердің тұлғалық дамуына арналған жеке ұсынымдар әзірленеді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant