Темірбек Қожакеевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қожакеев әлемі» атты республикалық байқау

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, журналистика кафедрасы 2026 жылдың 30 қаңтарында көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, сатира сардары Темірбек Қожакеевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қожакеев әлемі» тақырыбы аясында студенттер мен магистранттар арасында байқау өткізеді.

Байқауда жастар «Үздік ғылыми жұмыс», «Үздік баспасөз материалы» (мерзімді басылымдарда шыққан материалдар ғана есепке алынады, сайт материалдары жарамсыз), «Үздік видео материал» аталымдары бойынша бақ сынасады.

Байқаудың мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыру, шығармашылық ойы мен жаңа идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Байқаудың міндеті – Темірбек Қожакеевтің ұлттық журналистиканы, баспа ісін дамытуға қосқан ерекше үлесін өскелең ұрпаққа таныстыру, кемеңгерлігі мен қайраткерлігін, адамгершілігі мен парасатын ғылыми ортаға, көпшілік қауымға кеңінен насихаттау.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant