«Academic writing: guidelines for preparing Research Article»

09.12.2025ж. күні физика және математика кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD А.Абдулаева  «Academic writing: guidelines for preparing Research Article» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинар барысында ғылыми мақаланы дайындаудың негізгі қағидалары, Research Article құрылымы, академиялық стиль талаптары және халықаралық журналдарға мақала ұсыну ерекшеліктері талқыланды. Қатысушылар практикалық кеңестер алып, өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасты. Семинар ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы рәсімдеуге қызығушылық танытқан оқытушылар мен жас зерттеушілер үшін пайдалы болды.

AI Assistant